Елордада үйлердің бірінің жертөлесінде өрт шықты - ҚР ТЖМ

АНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада 9 қабатты үйде өрт болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Елордада үйлердің бірінің жертөлесінде өрт шықты - ҚР ТЖМ

Өрт Есіл ауданындағы 9 қабатты «Меруерт» тұрғын үй кешенінің жертөлесінде орын алды. От 2 шаршы метр жерді шарпыды.

«Өрт салдарынан иіс тиіп уланған «Отау сервис» ЖШС электригі, 1973 жылғы азамат ауруханаға жеткізілді», - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 бірлік техникасы мен 24 жеке адам құрамы жұмылдырылды.