Елордада үздік бағдарламашы анықталды
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада Менеджент және бизнес колледжінің негізінде «Үздік мамандық - бағдарламашы» қалалық мультимедиялық бағдарламалар байқауы өткізілді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Білім басқармасынан хабарлады.
Байқауға «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары, «Бастауыш білім беру» мамандығының «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша Астана қаласының колледждерінен 59 студент қатысты.
Байқау ұжымдық-шығармашылық және жеке қызмет арқылы студенттердің белсенділігін арттырып, мамандықтың мәртебесін көтеру мақсатымен ұйымдастырылды.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:
1. Үздік таныстыру;
2. Үздік бейнефильм;
3. Бағдарламалау (ойындар, оқытылатын бағдарламалар, тесттер, есептерді шешу және т.б.);
4. Үздік электрондық окулық;
5. Үздік оқытылатын жиынтық;
6. Деректер қоры;
7. Үздік сайт;
8. Flash анимациясы;
9. Графикалық жоба;
10. Компьютерлік графика;
11. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу;
12. Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі.
Байқаудың қорытындысы бойынша үздік жұмыстар Астана қаласы Білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.
І орын алғандар: Белялов Максим (Политехникалық колледж), Дубинин Владислав, Кемалов Сәрсенбек (Менеджмент және бизнес колледжі), Мадьяров Ахметияр («Тұран» колледжі), Бутвинский Владислав (Басқару колледжі);
ІІ орын алғандар: Андронов Руслан (Менеджмент және бизнес колледжі), Рысқалиев Нұртас (Менеджмент және бизнес колледжі), Ильин Виктор, Ильин Глеб (Политехникалық колледж), Уайсов Дәулет (Сауда-экономикалық колледж);
ІІІ орын алғандар: Каменщиков Виталий (Политехникалық колледж), Ханецкий Павел (Менеджмент және бизнес колледжі), Батыр Жандос (көпбейінді колледж), Игілік Аян («Тұран» колледжі), Апретов Юрий (Политехникалық колледж), Михайлов Владимир (Басқару колледжі).