Елордада заңгер мамандар еліміздің құқық қорғау саласын жетілдіруді көздейтін мәжіліс өткізді
Аталмыш шара барысында құқық қорғау органдарын мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыттарының бірі ретінде реформалау мәселелері талқыға түсті. Нақтырақ айтқанда, онда қылмысты педагог, психолог мамандардың көмегімен ерте бастан-ақ сауықтыруға бағытталған арнайы бағдарлама дайындап, ішкі істер органдарында жұмыс істейтін мамандарды таңдау шараларын қатаңдату мәселесі кеңінен сөз болды. Осы мәселе төңірегінде жиынға қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салып, пікір таластыра келе, құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін заңнамаларға шолу жасау қажет деген байламға келді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстардың қорытындылары ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобаларын дайындау барысында назарға алынбақ.
Шараға құқық қорғау, заң саласының мамандары мен ғалымдар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен Парламент өкілдері қатысты.