Елордада Заңгерлердің республикалық съезі өтеді

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат -  16 мамыр күні елордада Заңгерлердің республикалық съезі өтеді, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Іс-шараға Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, холдингілер, жоғары оқу орындары мен бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

Іс-шараны өткізудің мақсаты - ведомстволық-корпоративтік тиістілігіне қарамастан заңгерлер қызметіне қатысты ортақ саясатты, бірыңғай стандарттарды әзірлеу, еліміздің барлық заң қоғамдастығын біріктіру және мемлекет алдында тұрған маңызды құқықтық міндеттерді шешуде оның ортақ тұғырнамасын жасап шығару болып табылады.

Соңғы жаңалықтар