Елордада заңсыз жұмыс істеген 2 ойын орталығы анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада заңсыз ойын бизнесінің екі орны анықталды, деп хабарайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.
Аталған комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қала аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін анықтады.
Екі мекен-жай бойынша орналасқан орындарды тексеру барысында процессорлар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнетіркеушілер, интернет-модемдер, сондай-ақ ақша қаражаты анықталып, тәркіленді. Сол уақытта аталған жерде ойыншылар мен ойын әкімшісі болды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 307-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалып, (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.