Елордада «Зерде» олимпиадасы өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Білім басқармасы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында І «Зерде» аймақтық математикалық олимпиадасын өткізуде.

Елордада «Зерде» олимпиадасы өтіп жатыр

Білім бәсекесіне еліміздің әр өңіріндегі жалпы орта білім беру мекемелерінен 5-6 сынып оқушылары қатысуда.

Олимпиаданың мақсаты - математика, жаратылыстану бағытында қабілеті жоғары дарынды оқушыларды қолдау және дамыту, оқушылардың олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру.

Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі:

1-ші және 2-ші кезең - Олимпиаданың 1-ші күні (тестілеу және олимпиада есептерін шешу);

3-ші кезең - Олимпиаданың 2-ші күні (ауызша, 5, 6-сынып оқушыларынан құрылған команда (3 оқушыдан) ауызша есептің шешілуін қазылар алқасы алдында қорғау);

4-ші кезең - команданың жетекші мұғалімдері арасында өткізіледі.

Олимпиадаға Астана, Қарағанды, Павлодар қаласынан және Назарбаев интеллектуалдық мектебінен 5-6 сынып оқушыларынан құрылған командалар қатысуда, деп хабарлайды astana.k.