Елордада жабық ғимараттағы мейрамхана, барлардың жұмысына рұқсат беріледі
Құжатта қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, ғимараттың ішінде 30-дан артық емес және жазғы алаңда 30-дан артық емес орындықтардың толымдылығы бойынша шарттарды сақтаумен және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызумен жұмыс күндері жұмыс кестесін 9:00-ден 23:00-ге дейін рұқат етілетіндігі айтылған.
Ал жеке иелік аумақтары мен тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілер үшін жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылады.
Демалыс күндері қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы тек ашық ауада отыратын орын саны 30-дан аспайтындай және тамақ жеткізуге, өзі алып кетуге тыйым салумен, жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілене отырып рұқсат беріледі.
Бұл ретте, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.