Елордада жақын арада 180 жаңа қоғамдық көлік жолға шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев шаһардағы қоғамдық көліктерді дамытуда шет аудандарға баса маңыз берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Шаһар басшысының халықпен кездесуі барысында тұрғындардың бірінен елорданың шет аудандарындағы қоғамдық көліктерге байланысты сұрақ келді. «Астананың шет аудандарында көбірек автобустар қатынаса деген өтінімішіміз бар» деді тұрғын.
Астана қаласының әкімі бұл мәселе бақылауда екенін айтып жауап берді.
«Қоғамдық көлікті дамыту басты бағыттарымыздың бірі. Біз арнайы бағдарламаны бекіттік. Жаңа айтқанымдай, біз 740 автобус сатып алдық. Қазір 200 жаңа автобус жүріп жатыр. Жақын арада тағы 180 автобус шығады. Әсіресе шет аудандарды қамтуға тырысамыз. Сондықтан, бұл бағытта жағдайды жақсартамыз деген сенімдемін», - деді Әсет Исекешев.