Елордада жалдамалы жұмыскер пәтерден құрылыс материалдарын ұрлап әкетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пәтер жөндеу үшін жалданған құрылысшы қожайындарының жоқ екенін пайдаланып, жалпы сомасы 128 мың теңгенің құрылыс материалдарын ұрлап әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол ұрлаған заттарды жарнама сайты арқылы бейтаныс адамдарға сатып жіберген.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздеу шараларын өткізу кезінде 30 жастағы күдікті азаматты ұстады.
Аталған фактімен «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.