Елордада жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдердің үстінен іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Елордада жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдердің үстінен іс қозғалды

Қалалық прокуратура білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломды пайдалану фактілерін анықтаған.

«Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімі жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған», - деп жазылған Астана қаласы прокуратурасының Facebook парақшасында.

Хабарламада айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды», - дейді ведомстводан.