Елордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 5-6 қаңтар күндері аралығында №66 мектеп-лицейі мен №6 гимназиясында Астана қаласы білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІIІ (қалалық) кезеңі өткізіледі. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Олимпиада мақсаты - дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың тұтас жүйесін қалыптастыру, жеке пәндер бойынша ерекше дарындылық танытқан Астана қаласы білім беру мекемелерінің оқушылары немесе жеке пәндер бойынша аса дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу болып табылады.

Олимпиада жалпы білім беретін 15 пән бойынша өткізіледі: №66 мектеп-лицейі базасында - химия, биология, физика, математика, география, информатика, №6 гимназия базасында - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, тарих, құқықтану негіздерінен, орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, француз тілі, ағылшын тілі, неміс тілі пәндерінен өтеді. Олимпиадаға Астана қаласының мемлекеттік және жекеменшік білім беру мекемелерінен 702 оқушы қатысады.

Қазылар алқасының құрамында Астана қаласының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының 58 кәсіби шебер, білімді де білікті, тәжірибелі ғалымдары қызмет атқаруда.

 

Соңғы жаңалықтар