Елордада жаңа аудандарға автобустар қатынай бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада автобус жүретін жаңа 6 бағдар ашылмақ. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «№1 Автобус паркi» АҚ басқарма төрағасы Медет Шақаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада жаңа аудандарға автобустар қатынай бастайды

«Елорда тұрғындарының өтінішін ескере отырып, биыл 6 жаңа бағдарды ашу жоспарланған. Бұл ретте салынып жатқан жаңа аудандарға, автобустар бармайтын немесе жетіспейтін учаскелерге 95 автобус жіберілмек», - деді М. Шақаев.

Оның айтуынша, жаңа бағдарлар бойынша қозғалыс кестесін Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS компаниясы пысықтап жатыр.

Бұған дейін қалаға 400-ге жуық автобус жетіспейтіні хабарланған еді.

Елордада автобустар қозғалысының уақыт аралығы 10-20 минуттан 8-10 минутқа дейін қысқартылмақ.

Астанада жолаушылардың тек жартысы жол ақысын төлемей жүретіні де белгілі болды.