Елордада жаңа бағытта автобус жүретін болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең, яғни 5 маусым күні «Ақан сері көшесі – Зират» қатынасымен №69 жаңа қалалық бағдар іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа бағыттағы автобус Н.Тілендиев даңғылы – Солтүстік-Батыс айналма жолы – Жаңа зират арқылы өтеді. Назар аударарлық жағдай бұл бағыттағы автобустар тек сенбі күні жүреді. Басқа күндері қатынайтын болса, қосымша хабарланады.
Жол ақысы әдеттегіше 90 теңге.
«Ақан сері көшесі» аялдамасынан шығу уақыты сағат 12:00, 14:00, 16:00 және кері бағытта сағат 12:40, 14:50, 16:40-та.