Елордада жаңа көшедегі жол учаскесі ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Қорғалжын тасжолынан Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі Е355 көшесінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл учаскенің ашылуы «Кристалл», «Нұрлы ұя», «Ерке», «Аркада», «Сенім», «Copengagen» және басқа да тұрғын үй кешендеріндегі елордалықтардың қоғамдық көлікпен қатынауына оң әсер етпек.
Бұдан басқа, Нұр-Сұлтанның қолданыстағы көше-жол желісі де жеңілдейді. Жаңа жол жүру жалпы елорданың жол желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.