Елордада жаңа маршруттық автобус бағыттары ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елода әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында қаланы қыстан кейін қалпына келтіру жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Аудан әкімдеріне қаланы абаттандыру, санитарлық тазалау, қасбеттерді тиісті қалыпқа келтіру жұмыстарын жеке бақылауға алуды, соның ішінде ПИК-ке (МИБ) дейін жеткізуді, қоғамдық кеңістіктерді, скверлерді, тротуарларды және т. б. ретке келтіруді тапсырдым», - деді шаһар басшысы.

Ол, сондай-ақ, қыста бүлінген жолдарды қалыпқа келтіру кезінде қаланың ескі бөлігіне баса мән берілетінін атады.

«Жол шұңқырларын жөндеуді тапсырдым. Сонымен қатар, орташа жөндеу мен асфальттауды қажет ететін жолдардың тізімін жаңартуды тапсырдым. Ең алдымен қаланың ескі бөлігі мен елді мекендерге ерекше назар аудару керек. Қозғалыс қарқындылығы жоғары жаңа автобус маршруттарын іске қосамыз. Жаңа маршруттар әлеуметтік нысандарға да апармақ», - дейді әкім.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сәуір-мамыр айларында қаланың барлық аудандарын жаппай көгалдандыруға кірісеміз. Бұл экологияны жақсартуға, қосымша қоғамдық кеңістік құруға мүмкіндік береді», - деп жазды қала басшысы.


Соңғы жаңалықтар