Елордада жаңа оқу жылында 27 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жаңа оқу жылында 202 мың оқушы қашықтан сабақ оқиды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада жаңа оқу жылында 27 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданады

«2020-2021 оқу жылында елорда бойынша 202 мың мектеп оқушысы болады деп күтілуде. (Өткен жылы - 182 279). Бірінші сыныпқа 27 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 12 453 өтініш берілді. Құжаттарды қабылдау электрондық үкімет Egov.kz порталы арқылы және қағаз түрінде мектептерде жүргізіліп жатыр», - деді Шолпан Қадырова қала әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысының айтуынша колледждерде алдағы оқу жылында 8 мың студент, сондай-ақ 13 мамандық бойынша ерекше білім алу қажеттілігі бар 139 білім алушы қабылданады.