Елордада жаңа жыл мерекесін тойлау қарсаңында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде - брифинг

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Елордада жаңа жыл мерекесін тойлау қарсаңында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер, әскери органдарының және қоғамның барлық күштері мен құралдарының қатысуымен «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
None
None

Бұл туралы бүгін Астана қаласы Ішкі істер департаментінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірде бұл шараға Астана қаласы бойынша 1034 қызметкер мен 136 көлік жұмылдырып отыр. Онымен қоса, бізге тиесілі 3 ауданнан 276 адамнан тұратын қосымша топ құрылып отыр. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрлі корпоративтік кештер өтетініні мәлім. Осыған орай, барлық мейрамханаларда, дәмханалар мен ойын-сауық орындарында ұдайы тексеріс шараларын жүргізіп, сол жерлердегі қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын боламыз», - деп атап өтті брифингте Астана қаласы ІІД Мемлекеттік саясат және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз.

Н.Ораздың айтуынша, жедел-алдын алу іс-шарасы барысында базарларда, сауда орталықтар мен дүкендерде заңсыз сатылатын пиротехникалық заттар анықталады. «Сонымен бірге, елордаға жан-жақтан қонақтар келеді. Осыған орай темір жол бекеті маңайында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін боламыз», - деді бөлім бастығы.

Соңғы жаңалықтар