Елордада жаңа жыл түнінде 16 сәби дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жаңа жылда 16 сәби дүниеге келді. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарайды.

Елордада жаңа жыл түнінде 16 сәби дүниеге келді

«Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні елордада 16 нәресте дүние есігін ашты. Жаңа жылдың бірінші күні көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 6 қыз және 10 ұл бала туды», - делінген басқарма хабарламасында.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, орта есеппен бір тәулік ішінде 80-90 баланың дүниеге келеді деп күтілуде.

Сонымен бірге, жаңа жылда Нұр-Сұлтанның 125 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік атқарып, 355 фельдшер мен жүргізуші шақыртуларға шыққан. Оның ішінде алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының бригадалары да бар.

Еске салсақ, 2030 жылға қарай халықтың 27,4%, ал 2050 жылға қарай 36% астамы республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тұратын болады.