Елордада жаңажылдық шырша өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Тұран даңғылы бойында орнатылған шырша отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәліметіне қарағанда, Тұран даңғылы бойындағы шыршаның өртенгені туралы ақпарат 25 желтоқсанда сағат 06:19 кезінде келіп түскен.

«Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында жалынның кеңінен жайылуына жол берілмеді. Өрт 06:38-де өшірілді», - деді Руслан Иманқұлов.

Атап айтқанда, тілсіз жауды ауыздықтауға екі арнайы техника мен 10 адам жұмылдырылды.

«Бұл оқиғаға орай зардап шеккендер болған жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталуда», - деді ресми өкіл.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті алдағы мереке күндерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң ұстануға шақырды.

Соңғы жаңалықтар