Елордада жаңажылдық түнде ауа райы ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша, жаңажылдық мерекесі күндері Астанада күн жылы болады. Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін күндіз ауа температурасы -7-9°С, түнде -13-15°С суық болады.

Елордада жаңажылдық түнде ауа райы ашық болады

Жаңа жылдың алғашқы күні де жылы болады: күндіз ауа температурасы -4-6°С болады. Күн бұлттанып, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде қар жауады.

Жаңа жылды мерекелік отшашумен көңілді қарсы алуға ауа райы кедергі жасамайды. Еске салайық, жаңа жылдық салют біруақытта үш жерде өтеді: Есіл өзенінің жағасында, Хан Шатыр ойын-сауық орталығының жанында, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында.