Елордада жаңбыр мен бұршақ жауды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жаңбыр мен бұршақ жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, сәуірдің соңғы демалыс күндері Баренцево және Карск теңіздерінен ауысатын суық атмосфералық ағындарға байланысты көптеген аймақтарда жаңбыр, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы төмендейді.
«Тек, жексенбі күні оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды, бірақ күн салқындайды», - деді синоптиктер.
Сондай-ақ бірнеше өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауатыны туралы ескерту жасалды.