Елордада жаңбыр жауып, күн күркірейді
АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада осы аптада күн бұлтты және жауын-шашынды болады. Апта соңында күн суытады, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +7+10°C, күндіз +17+19°C болады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.
«Сәрсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +8+10°C, күндіз +15+17°C болады», - делінген Қазгидромет таратқан ақпаратта.
Апта соңында (бейсенбі күні) күн ала бұлтты болып, түнде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +7+9°C, күндіз +16+18°C болады. Жұма күні синоптиктердің болжамынша, көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашынды болады, күн күркірейді. Шығыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +7+9°C, күндіз +17+19°C болады.