Елордада және 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 4 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада және 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болжанады.

4-5 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде, сондай-ақ тұман болады.

4-5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 4 қарашада, тәулік бойы 5 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.