Елордада және еліміздің екі облысында күн күркіреп, жел соғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Елордада және еліміздің екі облысында күн күркіреп, жел соғады

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 1 маусым түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. 1 маусымда жылдамдығы 15-20 м/с болатын солтүстік-батыстан жел соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

1 маусым Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыс желінің бағыты солтүстік-батыс, солтүстікке ауысады. Жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз күн күркіреп, дауыл соғады.

Нұр-Сұлтан қаласында 1 маусым күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыс желінің бағыты солтүстік-батыс, солтүстікке ауысып, екпіні 16 м/с болады. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.