Елордада және еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада және Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Астана, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында тұман түседі.
Қарағанды, Павлодар облыстарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанып отыр.
3 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында, 4-5 сәуір күндері күндіз оңтүстігінде, таулы аймақтарында күн күркірейді, ал Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, дауыл көтеріледі.
Алматы облысының шығысында күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.