Елордада және өзге үш қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 маусым күні Қазақстанның төрт қаласында жағымсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада және өзге үш қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау және Тараз қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.