Елордада жаппай спорттық жаттығулар жасау маусымы 13 қыркүйекке дейін жалғаспақ

Үшінші жыл қатарынан елордалықтар апта сайын ашық аспан астында өткізілетін осынау спорттық дәстүрді жалғастыруда. Астананың бұл бастамасын Қазақстанның өзге де қалалары ұйымдастырып та жатыр.
Айта кетейік, 2011 жылы бұл спорттық шараның жаздық маусымына 6500-ден астам елордалық қатысқан болатын, ал 2012 жылы олардың саны 9 700 адамнан асып түсті. Былтыр осы жаттығулар Оқушылар сарайы алдындағы алаңда ұйымдастырылды.
Ал биыл жаттығу шарасы 13 қыркүйекке дейін, әрбір жұма күні кешкі сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.
Аталған шараның танымалдылығының артуына байланысты осы маусымда оның бағдарламасына көпқырлы жаттығу түрлері кіргізілген.
Айта кетейік, жаттығуларды Астана әкімдігі, елордалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру дене шынықтыру клубы ұйымдастырып отыр.