Елордада жас теннисшілер үшін іріктеу жарысы өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - Қаңтардың 17-сі мен 22-сі аралығында елордада жас теннисшілер үшін іріктеу жарысы өтеді.
None
None

Оның негізгі мақсаты - еліміздің жастар құрамасын құру. Бұл ақпаратты sport.gazeta.kz сайты таратып отыр.

Іріктеу 1994-1995 жылдары дүниеге келгендер диапазонындағы бірнеше жас санаттары бойынша жүргізіледі. Ағымдағы жылы қазақстандық спортшылар қатысатын халықаралық турнирлердің саны біршама өскен. Осыған орай жасақталған құрама бірқатар белгілі турнирлерге дайындалмақ. Олардың қатарында 14 жасқа дейінгі балалар қатысатын «World Junior tennis Competition 2010» жарысы, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар мен ұлдар қатысатын Федерация кубогы мен Дэвис кубогы үшін жастар турнирлері бар.

Барлық жастағы құрамалардың дайындығы үшін өте жақсы жағдай жасалған. Мәселен, қаңтардағы жекелеген ірктеу ойындары хард үлгісіндегі жабындысы бар Ұлттық теннис орталығы кортында өтеді. Сондай-ақ топырақты корт Алматы қаласында да бар. Бұл ел теннисшілеріне жаңа маусымды толық дайындықпен бастауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар