Елордада жасөспірімді автобус қағып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада көлік апатынан бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Автобус Астана
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— Тұран даңғылымен келе жатқан автобус жүргізушісі белгіленген жерден жолды кесіп өтпек болған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, автобус кенеттен тоқтаған кезде ішінде болған жолаушы жарақат алып, ол да медициналық мекемеге жеткізілді, — делінген хабарламада.

Қазір жол апатына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Осы орайда Астана қаласының полиция департаменті жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.

Таяуда ғана Астанада екі жүк көлігі соқтығысып, өртеніп кеткен еді

Артынша көлік апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Еске салайық, наурыздың басында елордада ауа райының қолайсыздығынан 100-ге жуық көлік апаты болды

Соңғы жаңалықтар