Елордада жастар арасында бокстан әлем чемпионатының ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді
ТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Ертең елордадағы Бейжің сарайында жастар арасында бокстан әлем чемпионатының ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Бұл ақпаратты ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Шараға Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры Данияр Әбілғазин, Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Чинг-Куо Ву және Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев қатысады.