Елордада «Жастар кадрлық резерві - 2012» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған салтанатты іс-шара басталмақ
Бұл туралы бүгін елордада өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, білім беру жүйесінің, бизнес саласының және қоғамдық-саяси қызметтің кадрлық резервіне негіз бола алатын дарынды, мақсатты жас мамандардың қоғамдастығын құру идеясын Мемлекет басшысы 2008 жылы 14 мамырда «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының 1-ші съезінде ұсынған болатын.
Ал 2012 жылы 3 мыңнан аса белсенді, алғыр жастар, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының 29 жасқа дейінгі түлектері аталған жобаға ынта білдірген.
«2012 жылғы 24 қарашада жобаның жүзеге асырылу нәтижесінде жоғары көрсеткішке жеткен қатысушыларға куәлік беріліп, кадрлық резервке алынады», - деді ресми өкіл.