Елордада «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына арналған халықаралық жиын өтеді
АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде елордада үлкен халықаралық жиын өтіп, онда Мемлекет басшысының «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бойынша идеясы одан ары жылжытылатын болады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның «Жасыл экономика» тұжырымдамасын жемісті жүзеге асыру құралы ретінде «Каспийлік жасыл пакет» мультимедиялық білім беру ресурсының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел жиыны барысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Бектас Мұхамеджанов айтты.
«Ағымдағы жылдың 30 тамызында біз үлкен халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз, онда Мемлекет басшысының «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бойынша идеясы одан ары жылжытылатын болады. Біздер «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» халықаралық ұйымын құруды жария ететін хартияға қол қоюды жоспарладық. Азияның, Орталық Азия мен Еуропа өңірінің барлық елдерін аталған хартияға қол қоюға шақырамыз»,- деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған құжатқа қол қою қандай да бір қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
«Хартия - бұл ынтымақтастыққа, ашықтыққа шақыру», - деді Б.Мұхамеджанов.