Елордада жатақханадан өрт шығып, бес адам уланып қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін таңда Байқоңыр ауданы Тараз көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

өрт
Фото: ҚР ТЖМ

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша түтіннен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

«Өртті сөндіру жұмыстарын ғимараттың жан жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар