Елордада жауған қардың мөлшері былтырғыдан екі есе көп

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, биыл Астанада жауған қардың мөлшері екі есе көп болып тұр.

Елордада жауған қардың мөлшері былтырғыдан екі есе көп

Қазгидромет орталығының директоры Баян Сазанованың айтуынша, қаңтар айында жауатын қардың орташа мөлшері - 18 сантиметр. «Былтыр ол көрсеткіш 16 сантиметр болған, ал осы жолы қардың қалыңдығы 33 сантиметрге дейін жеткен. Жалпы, елордада жауған қардың ең көп мөлшері 42 сантиметрге дейін барған», - дейді Б.Сазанова.