Елордада «Жайдарман» фестивалі ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемнің алғашқы күні елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Жайдарман» фестивалі басталды.
Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасынан хабарлады.
36 команданың 20-сы жоғары лигаға жолдама алды: «Аграрка жастары» (С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті), «Алтын белгі» (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті), «Шабыт» (Қазақ ұлттық өнер университеті) және т.б. сахна төрінде жас та болса кеңінен танымал болып үлгерген командалар бақ сынауда. Маусым «Әдебиет» тақырыбынан басталды. Сонымен қатар, көрнекі қойылымдарға студентік және мектеп командалары қатысты.
Айта кетейік, лық толған залда фестивальді тамашалауға келгендердің басым бөлігі мектеп оқушылары мен студенттер болды.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың атап өтуінше, ойынның деңгейі көтеріліп, ал жастардың қазақ тіліндегі «Жайдарманға» қызығушылығы әлдеқайда артқан.