11:58, 26 Тамыз 2020 | GMT +5
Елордада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Департамент ақпаратына қарағанда, бүгін таңертең сағат 08:29-да 1976 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан «Hyundai» жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатып, апатқа ұшыраған.
«Арнайы дыбыс белгісін қосып Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай жанама жолмен келе жатқан көлік №1 қарама-қарсы жаяу жүргіншілер көпірінің тіреуіне соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтеді ведомстводан.
Фото:instagram: za_rulem_astana