Елордада жеке тұрғын үй өртеніп, 32 жастағы азамат иіс тиіп уланды

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елордада жеке тұрғын үй өртеніп, 32 жастағы азамат иіс тиіп уланып қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Елордада жеке тұрғын үй өртеніп, 32 жастағы азамат иіс тиіп уланды

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, төтенше оқиға Шу көшесі бойындағы жеке тұрғын үйде орын алған. Қызыл жалын шарпыған аймақ  15  шаршы метрді құрайды. Оқиға орнынан иіс тиіп уланған 32 жастағы азамат ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы  12  маман мен 2  техника тартылды.