Елордада жеке үйде болған өрттің салдарынан бір жасар бала зардап шекті
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте елде болған өрт оқиғаларының салдарынан жеті адам зардап шекті,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Қазанның 1-і күні сағат 01.23-те Астанада үлкен өрт оқиғасы орын алды. Сарыарқа ауданында мансард типтес жеке үй өртеніп, 300 метр ауданды өрт жалмады. Оқиға салдарынан бес адам күйік жарақатын алды, олардың ішінде 1 жасар бала да бар. Барлығы ауруханаға түсті.
Құтқарушылардың хабарлауынша, өрт сағат 06.24-те ауыздықталды. Өртті сөндіруге 27 адам және 8 техника жұмылдырылды.
Осындай оқиғалар Таразда және Теміртауда тіркелді. Екі өрт оқиғасының салдарынан екі адам қаза тапты, бір адам күйік жарақатымен ауруханаға түсті.