Елордада жемқорлық қылмысы үшін сегіз мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босату ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов қалалық Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында елордалық мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы жемқорлық статистикасын жария етті.
None
None

С. Ахметовтың айтуынша, Астанада 2013 жылда және биылғы бірінші жартыжылдықта жемқорлық қылмыстары фактілері бойынша 49 қылмыстық іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлық фактісі үшін әкімшілік жауапкершілікке алты адам тартылды.

Белгілі болғандай, ревизиялық комиссияның материалдары бойынша Астанада 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қылмыстық іс қозғау туралы шешім үшін лауазымды тұлғаларға қатысты сегіз материал бағытталған.

«Агенттіктің елордалық тәртіптік кеңесі тарапынан жағымсыз себептер бойынша сегіз мемлекеттік қызметкерді жұмысынан босату ұсынысы жасалды. Филиалдың партиялық ұйымдары осы құқық бұзушылақтарға ұстанымды баға берді. Бастапқы партиялық ұйымдар бюросы, филиал Саяси кеңесі бюросы шешімдерімен жемқорлық қылмыстары үшін жеті адам партия қатарынан шығарылды, оның ішінде Білім және ғылым вице-министрі, Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры бар», - деді С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар