Елордада «Жеңіс жолымен» атты акция өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай Астанада 8 мамыр күні «Жеңістің жолымен» атты кең ауқымды акция өтеді. Шараны Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырады, деп хабарлады astana.gov.kz.

Елордада «Жеңіс жолымен» атты акция өтеді

Акция аясында ескерткіштерге гүл шоқтарын қою, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. «Екі жауынгер» ескерткішінен бастап Қ. Мұңайтпасов стадионына дейін жалпы ұзындығы 1,5 км қашықтықты құрайтын арнайы шеру өтеді. Аталмыш шараға 2000-нан астам қала тұрғыны мен белсенді жастар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысады деп күтілуде.

Одан өзге қатысушылар әскери техника көрмесін тамашалай алады.

«Жеңіс жолымен» акциясының басты мақсаты жастарды отансүйгіштікке баулу, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету болып табылады.

календарь күнтізбе
Ұқсас жаңалықтар

4 мамыр. Kazinform күнтізбесі. Жылнама