Елордада жерге кезекке тұру және кезекті бақылап отыру онлайн жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының тағы бір мемлекеттік қызметі автоматтандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін кезекке қою, сондай-ақ кезекті egov.kz электрондық үкімет порталында қарап отыруға болады.

Басқарма таратқан мәліметке қарағанда к езекке қоюға өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы керек.

Осылайша, үйден шықпай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына (10 сотық) жер учаскесін алу үшін кезекке қою және кезегін қарау автоматтандырылды.

Осы уақытқа дейін бұл мемлекеттік қызметті алу үшін басқармаға жүгініп, өтініш беру қажет болатын.



Соңғы жаңалықтар