Елордада «Жетісу» тұрғын үй кешені жанындағы қоқыс алаңы жойылатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Есіл ауданының әкімдігі «Жетісу» тұрғын үй кешені жанындағы қоқыс орнын алып тастауға уәде берді, деп хабарлайды Жаңа адамдар қозғалысының баспасөз қызметі.

Елордада «Жетісу» тұрғын үй кешені жанындағы қоқыс алаңы жойылатын болды

«20 маусымда Жаңа Адамдар Trash Fashion Day атты «сән көрсетілімін» өткізді. Модельдердің киімдері Астана қаласының заңсыз қоқыс алаңдарынан жиналған қалдықтардан жасалған болатын.

Қала үкіметінің реакциясын ұзақ күтуге керек болмады. Біздің телеграмм-арнамызда «сәнді көрсетілім» туралы посттың астында Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің жауабын көруге болады. Сонда Jetisu тұрғын үй кешенінің қасындағы қоқыс алаңын тазарту шараларының басталғаны туралы мәлімет берілген.

Есіл ауданы әкімдігінің баспа қызметі былай деп жауап қалдырған: «Осы жылдың сәуір айынан бастап, Есіл ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын тазарту жұмыстары жүргізіледі. «Жетісу» тұрғын үй кешенінің қасындағы аумақтан қалдықтар шығарылуына, тұрақты негізде, 2 жүк тиегіш, 8 жүк машинасы, сондай-ақ тағы 10 машина жұмылдырылды. Осы жылы «1000 камера» бағдарламасының шеңберінде құрылыс қалдықтарын жинаудың негізгі нүктелерінде күн сайынғы бақылау орнату жоспарланды. Осы шара цифрландыру басқармасымен бірге жүзеге асырылады», — делінген хабарлама.

БАҚ деректері бойынша, Астанада 500-ден астам заңды рұқсат етілмеген қоқыс алаңы бар. Жаңа Адамдар түрлі креативті әдістерді қолдана отырып, үкіметтің назарын елордадағы «қоқыс алаңдарына» аудартуды әрі қарай жалғастыруға жоспарлайды.