Елордада жоғалған ер адам мен немересі табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полициясы 8 қыркүйек күні жоғалып кеткен 59 жастағы ер адам мен оның 3 жасар немересін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада жоғалған ер адам мен немересі табылды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кеше Жеңіс даңғылы бойында тұратын елорда тұрғыны полицияға хабарласып, 3 жасар баласы мен 59 жастағы әкесінің сағат 17.00-де үйден аулаға серуендеуге шығып, қайтып оралмағандығын айтқан.

«Ұлының айтуынша, әкесі қаланы жақсы білмейді. Осыдан кейін полиция қызметкерлері жедел іздеуге кірісті. Жедел іздестіру шараларының барысында тәртіп сақшылары тұрғын үй кешендері бірінің паркингінен атасы мен 3 жасар немересін тапты. Олар серуендеуге шығып, адасып кеткеннен кейін жылыну үшін паркингке кірген екен. Әкесі мен баласына дін-аман жолыққан елорда тұрғыны полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді», - деп атап өтеді департаменттен.