Елордада жол апаты салдарынан көлік аударылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жол апатына ұшыраған көлік аударылып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада жол апаты салдарынан көлік аударылды

Бүгін сағат 12:07-де Kia Picanto маркалы көліктің 46 жастағы жүргізушісі Ақбидай көшесімен Өндіріс көшесіне қарай келе жатып, сол жаққа бұрылар кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан «ВАЗ-2115» көлігімен соқтығысты. Қатты соққы салдарынан Kia Picanto аударылып қалған.

Жол апаты салдарынан жарақат алған Kia Picanto жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.