Елордада жол ережесін бұзған азаматтар туралы жедел ақпарат беретін көліктер іске қосылды

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Елордада жол ережесін бұзған азаматтарды анықтап, олар туралы жедел ақпарат беретін көліктер іске қосылды.

Елордада жол ережесін бұзған азаматтар туралы жедел ақпарат беретін көліктер іске қосылды

Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы қызметінен хабарлады.

Елорданың жол полициясы қызметінің мәліметтерінше, астаналық жол полициясының өкілдері шаһардағы көлік жүргізушілерін жол-көлік оқиғаларына жаяу жүргіншілердің жиі итермелейтіндігін мәлімдейді. Жағдайдың осылайша сипат алуының алдын алу үшін тиісті шаралар қолға алынған. Соған қарамастан жаяу жүргіншілер жолда жүру ережесін жиі бұзады. Мысалы 2010 жылы жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 62 пайызы жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған. Ал 2011 жылдың 3 айында жолда жүру ережесін бұзған 5 мың жаяу жүргіншіге айып салынған.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілермен 700-ге жуық түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Соған қарамастан, жаяу жүргіншілердің көпшілігі бұрынғыдай өздерін кінәсіз деп есептейді. Жол полициясы қызметінің пікірлерінше, азаматтар жол ережесін бұзу арқылы тек өздерінің өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндіріп қана қоймай, айналасындағылардың да өмірлеріне қауіп төндіріп отыр. Оның үстіне ереже бұзған жаяу жүргіншіні тіркеу де қиын. Себебі олардың көпшілігінде жеке тұлғасын растайтын құжаты болмайды.

Осыған байланысты, елімізде бірінші рет "ААІЖ-Бақылау" борттық компьютері бар үш шағын автобус іске кіріскен. Олар азаматтарға ыңғайлы болуы үшін арнайы орындықтармен жабдықталған. Борттық компьютерде "Автокөлік", "Жүргізуші", "Бағдарлар", "Әкімшілік құқық бұзушылық", "Техникалық бақылау", "Криминалдық автомотокөлік", "Іздестіру", "Сенімхат" және "Паспорттық есеп" сияқты есептер бойынша көлік құралы мен азаматтар туралы ақпараттарды іздеп, табуға және басып шығаруға мүмкіндік беретін құрылғымен қамтамасыз етілген. Жол ережесін бұзушының құжаттары жоқ болған жағдайда, жаңа іске қосылған жүйе құқық бұзған жаяу жүргіншінің жеке тұлғасын оқиға орнында анықтап береді. Бұрындары ереже бұзған жүргінші жақын арада орналасқан Ішкі істер бөліміне жеткізілуі қажет болатын. Ал ондағы хаттама тіркеу сияқты шараларға 1 сағаттан астам уақыт кететін. Енді жаңа енгізілген жүйе арқылы тәртіпсіз жолаушыларды тәубесіне келтіретін уақыт туған сияқты.