Елордада жол-көлік апатынан жарақаттанудың алдын алу мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» жедел-алдын алу шарасы өтеді

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде балалардың қатысуымен 49 жол-көлік апаты орын алды, олардың салдарынан 46 бала әртүрлі деңгейде жарақат алып, 4-і қаза болды,

Елордада жол-көлік апатынан жарақаттанудың алдын алу мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» жедел-алдын алу шарасы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы ІІД Жол полициясының басқармасына сілтеме жасап.

Осыған орай, елордада тамыздың 25-сі мен қыркүйектің 4-і аралығында жол-көлік апатынан жарақаттанудың алдын алу мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» жедел-алдын алу шарасы өтеді. Жаңа оқу жылының басында жол полицейлері «Нұр Отан» ХДП және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерімен бірігіп, қалалық орта білім мекемелерінің айналасындағы көшелерді тексеріп шығады. Онда жолаушылар өтетін жол жиектері мен тиісті жол белгілері болуы тиіс.

Сонымен қатар, елордалық жол полицейлері қыркүйектің 1-іне арналған жалпымектептік жиындарға қатысып, осы тақырыпта қысқаша дәріс оқиды. Ал балабақшалар мен жалпы орта білім беру мекемелері орналасқан жерлерде жол қозғалысы қауіпсіздігіне бақылау қатаңдатылады.