Елордада жол-көлік оқиғаларының саны күрт артты

Астанада көктайғаққа байланысты жол-көлік оқиғаларының саны күрт артты, деп хабарлайды Kazinform.

авария авто
Фото: Kazinform

«Жолдағы жүргізушілермен қатар, жаяу жүргіншілерге сақтық шараларына айрықша назар аударуы қажет», - деп ескертті қалалық полиция департаменті.

Таратылған мәліметке қарағанда, 4 желтоқсанда сағат 20:00-ден бастап 5 желтоқсандағы сағат 7:00-ге дейін 63 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Ал бүгін сағат 7:00-ден 12:00 аралағында тағы 72 ЖКО болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы көктайғаққа қатысты тұрғындарға үндеу жасады.