Елордада «Жол жамылғысын төсеу және күтіп ұстау жөніндегі қазіргі заманғы технологиялар» тақырыбында ғылыми-техникалық семинар-кеңес өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Ертең, сәуірдің 28-інде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі «ҚазГерҚұрылыс» қазақстандық-германдық холдинг базасында «Жол жамылғысын төсеу және күтіп ұстау жөніндегі қазіргі заманғы технологиялар» тақырыбында ғылыми-техникалық семинар-кеңес өткізеді.

Елордада «Жол жамылғысын төсеу және күтіп ұстау жөніндегі қазіргі заманғы технологиялар» тақырыбында ғылыми-техникалық семинар-кеңес өтеді

Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Семинарға жол құрылысы саласындағы кәсіпорындар мен мамандар, ғалымдар қатысады.

«Семинар барысында Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов пен сараптау ұйымдары өкілдері қатысуымен журналистерге арналған брифинг ұйымдастырылады», делінген баспасөз баянында.