Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 4 автобустың бағыты өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 4 автобустың бағыты өзгергені белгілі болды.

Автобус Астана
Фото: Адлет Беремкулов/ Kazinform

«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 10, 201, 60, 61 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деп жазды «City Transportation Systems» ЖШС.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.