Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар автобустардың қозғалысы өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты І.Есенберлин көшесі бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысы кестесінде өзгерістер болады, деп хабарлады елорда әкімдігі баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, 12-19 маусым аралығында І.Есенберлин көшесі бойынша Жеңіс даңғылы мен Бейбітшілік көшесі аралығында жол жабылады. Әкімдік мәліметі бойынша, № 9, 10, 22, 23, 27, 33, 48, 130 бағдарлары Гете-Алтынемел-Бейбітшік көшелерімен шығып, ары қарай бұрынғы кестемен қозғалады. Ал №42 бағдардағы автобус Гете көшесінен Республика даңғылына түсіп, осыдан кейінгі аралықты бекітілген кестемен жалғастырады.